БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты

2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді

 

2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

- зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 311 млн теңге;

- мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 803 теңге болды.

Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектік, мұрагерлік және сот шешімі бойынша біржолғы төлемдер кіреді. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 446 794 теңге болды.

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт ГУ «Управление строительства и жилищной политики города Нур-Султан»
Яндекс.Метрика