Объявление

«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй, 4 қабат, 28 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 32-02-85, факс 8 (7172) 32-02-72 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Шарттық қатынастар бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қордан тұрғын үйді жалдау (жалға беру), жекешелендіру шарттарын ресімдеуде бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға беру), жекешелендіру шарттарын ресімдеуге тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексеру. Қажет болған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға беру), тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын ресімдеу үшін тұрғын үйлердің құн есебін құрастыру, сондай-ақ оның жергілікті бюджетке түсуіне есеп жүргізу, бақылау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға беру) шарттарын беру, қайта ресімдеу және жасау мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігі қаулылары жобаларының дұрыс дайындалуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастырылуына бақылауды жүзеге асыру. «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылауды жүзеге асыру. Жалға алушылармен тұрғын үйді жалдау (жалға беру), тұрғын үйді жекешелендіру шарттары бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан шығару туралы мәселені көтеру. Тұрғын үйді жалдау (жалға беру), тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын ресімдеу бойынша Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізу үшін құжаттарды бақылау және өңдеу. Өңдеу және орындау үшін түскен құжаттардың есебін қамтамасыз ету. Жалға алу ақысы үшін түскен қаражаттар бойынша айсайынғы есепті қалыптастыру және ол мәліметтерді БЕО (бірыңғай есеп орталығы) беру бойынша бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің өндірістік қызметі туралы есепті жоспарлау және уақытылы беруді ұйымдастыру. Бөлімнің мамандарымен өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын қадағалау. Қызметтік құжаттардың өтуіне шұғыл есеп жүргізу, ағымдағы мұрағаттағы құжаттарды жүйелендіру және сақтау. Басқарманың және бөлімнің жұмысының жылдық жоспарын құрастыру. Бөлімнің және Басқарманың жұмысының жылдық жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық есепті ұсыну. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғарғы білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысандағы өтініш (қоса беріледі); 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен жайына электронды түрде не "Е-gov" Электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" Интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық поштасы не "Е-gov" Электрондық үкімет порталы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй, 4 қабат, 28 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электронды көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электронды көшірмелерін ұсынуы қажет.

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Ақпарат

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт ГУ «Управление строительства и жилищной политики города Нур-Султан»
Яндекс.Метрика