Хабарландыру

«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй, 4 қабат, 28 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 32-02-85, факс 8 (7172) 32-02-72 b.shyrymbekova@astana.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:


1. Заң бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарманың ведомстволық ұйымдарының заң қызметтері жұмысын тексеру, олардың қызметін жақсарту бойынша ұйғарымды Басқарма басшысының қарауына енгізу. Ведомстволық ұйымдардан түсетін құқықтық жұмыстар туралы ақпараттар мен басқа да материалдарды сараптау, солар бойынша талдау анықтамасын құрау, шұғыл мәжіліс қарауына мәселелер енгізу, анықталған жетіспеушіліктерді жою және құқықтық жұмыстарды жетілдіру бойынша шаралар қолдану. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша азаматтар, заңды тұлғалардың заттары мен арыздарын уақытылы қарастыру. Басқарма қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қолданыстағы, сондай-ақ жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерге қол қоюмен таныстыру жолымен көтеруді ұйымдастыру. Басқармада, сондай-ақ ведомстволық ұйымдарда құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру бойынша шаралар қолдану. Бөлімнің қызметкерлерімен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметіне қатысты құқықтық мәселелерді қарастырған кезде мемлекеттік органдарда, соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарма және Астана қаласы әкімдігінің мүддесін ұсыну және бақылауды жүзеге асыру. Бюджет және қаржы бөлімімен берілген ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың Жылдық жоспарын бақылау және жасауды қамтамасыз ету, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында орналасуына бақылауды жүзеге асыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына және өткізілуін жүзеге асыруды қадағалау. Заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алулардың теріс пиғылды қатысушылары деп танылған жабдықтаушыларды мемлекеттік сатып алулардың теріс пиғылды қатысушылары реестріне енгізу үшін уәкілетті органға ақпараттың жіберілуін қадағалау. Шарттардың уақытылы және дұрыс жасалуын, шарттық міндеттердің орындалуын есепке алуды қадағалау, шарттар бойынша міндеттерін тиісті атқармаған тауарларды, жұмыстар мен қызметтермен жабдықтаушыларға жауапкершілік шарасын қолдану. Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталатын тәртіппен бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізілуін үйлестіру. Заңнама талаптарының сәйкестігіне құқықтық талдау өткізу және басшыға қол қоюға берілетін шешімдер, қаулылар, шарттар, келісімдер, нұсқаулықтар, бұйрықтар және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды келісу. Наразылық-талап ету жұмыстарын жүзеге асыру, наразылықтар мен соттық тәжірибені ұсыну және қарау бойынша жұмыс жағдайын талдау. Басқармада өткізілетін барлық уәкілетті жиналыстарға қатысу. Бөлімнің қызметіне қатысты есептерді құрастыру және Басқарма басшысына және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру. Бөлімге жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, құжаттардың заңдық сәйкес келуіне талдау өткізу, заңдық құзырет аясында барлық бағыттарда жұмыстарды үйлестіру, қызметтік бағытқа сәйкес бөлім қызметіне қадағалауды іске асыру. Наразылықтар мен шаруашылық дауларды қарастырған кезде анықталған Басқарма қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс жасау және ол ұсыныстарды басшылыққа ұсыу. Бөлімнің қызметтік бағытына сәйкес конкурстық комиссия мен басқа да комиссиялар жұмысына тікелей қатысу. Мемлекеттік рәміздердің орналасу және күтіп ұсталуы талаптарының сақталуына қадағалауды іске асыру. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беру (жалдау) шарттарының дұрыс ресімделуіне және телнұсқалардың берілуіне, сондай-ақ құқығын белгілейтін құжаттарға түзету енгізу және толық жазу бойынша қадағалауды іске асыру. Басқарма қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Құқық саласындағы жоғарғы білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысандағы өтініш (қоса беріледі); 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен жайына электронды түрде не "Е-gov" Электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" Интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық поштасы не "Е-gov" Электрондық үкімет порталы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй, 4 қабат, 28 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электронды көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электронды көшірмелерін ұсынуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Ақпарат

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт ГУ «Управление строительства и жилищной политики города Нур-Султан»
Яндекс.Метрика