Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2020 жылғы «27» ақпандағы

№  01-471 қаулысына

11-қосымша

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік ) уәкілетті атқарушы органы болып табылады.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, С. Сейфуллин көшесі, № 30.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

13. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

 

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: және Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншік объектілерін салу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншік объектілерін салуды және қайта жаңартуды  ұйымдастыру;

2) гендерлік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

3) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді жоғарылату кезінде гендерлік теңдік нормаларын сақтау;

4) Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.

16. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

         1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілерді салу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

         2) салынған объектілерді пайдалануға тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырыс беруші функцияларын орындау;

         3) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

         4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мемлекеттік сатып алуды өткізу;

         5) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінен туындайтын мердігерлік шарттар мен басқа да шарттарды жасасу;

         6) жасасқан шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;

         7) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

         8) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;

         9) қайтару негізінде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтарылуын қамтамасыз ету;

         10) әкімдік белгілеген азаматтық қорғаныс, жұмылдыру бойынша іс-шараларды орындау;

         11) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындау.

17. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

         1) кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен құжаттарды сұрату және алу;

         2) құрылыс, абаттандыру саласындағы нормаларды, қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

         3) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өз қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сот сатыларында мүдделерін білдіру;

         4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру;

         5) жергілікті атқарушы органның қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

         6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.


3. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

 

        19. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

         20. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

         21. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

         1) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы дербес басқару қағидатында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген   құзыретіне сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

2) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

3) барлық ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

         4) шарттар жасасады;

         5) сенімхаттар береді;

6) іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне оқыту жөніндегі «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өзінің орынбасарларын және «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқа да қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

10) «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын, «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

23. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады.

 

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

24. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

25. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі:

 

1) «Елорда Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

_____________________________

Ақпарат

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт : ГУ «Управление строительства города Нур-Султан »
Яндекс.Метрика