Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ «Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (elorda_damu2020@mail.ru)
|
||
Ыбраембаева Гүлнәр Сейфоллақызы
|
Бас директор
|
25-97-60 |
«Елорда даму» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы болып табылады.
Серіктестіктің негізгі функцияларына келесілер жатады:
- тұрғын үй кешендерін жобалауды және салуды ұйымдастыру;
- салынған тұрғын үйдің және тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігін бұзылушы апатты үйлердің меншік иелеріне беру үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде тапсыру;
- қалған жылжымайтын мүлікті бос нарықта сату және кірісті пилоттық жобаны қайта инвестициялауға бағыттау.