"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
       1. Қоса берілген:
       1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
       2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
       3) күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       2. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
       3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
       2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
       5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері министрі                Т.Донақов

Вложения
ФайлОписаниеРазмер файла
Download this file (v1500012639.13-12-2016.kaz.docx)Жүктеу 66 kB

Ақпарат

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт ГУ «Управление строительства и жилищной политики города Нур-Султан»
Яндекс.Метрика